Жаңалықтар

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау – баршамыздың парызымыз

Әрбір қазақстандықтың санасында Конституция күні Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданған тарихи күнімен байланысты.

 

1995 жылдың 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды, ол біздің еліміздің дамуындағы бетбұрыс болды.

Конституция Республиканың бүкіл аумағында жоғары заңды күшке ие және тікелей қолданылады.

Негізгі Заңда мемлекеттің ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені атап өтілген.

Республика қызметінің негізгі қағидаттары: қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, соның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының83-бабында прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыратыны туралы айқындалып көрсетілген.

Соның аясында Комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаменті тарапынан жеке және заңды тұлғаларадың, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша біршама жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан Республикасы Конституциясының26-бабының 4-тармағына сәйкес әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.

Атап айтсақ, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде тексерілетін кәсіпкерлік субъектілерге қатысты уәкілетті органдардан келіп түскен 22 жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер тіркеуден бас тартылды. Оның негізінде 22 кәсіпкерлік субъектінің құқықтары қорғалды.  

Анықталған заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар тиісті тәртіптікжауапкершілікке тартылды.

   Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 146-бабының 1-бөлігінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті түрде тіркелетіні туралы көрсетілген.

Жоғарыдағылардың негізінде, мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол берілмеу қажет.

Негізгі Заңқоғамымыздың тұрақтылығының кепілі.

Барша қазақстандықтарды еліміздің Ата Заңы – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Ж.О. Бұламбекова,

Бас прокуратураның Құқықтық

статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі комитетінің

Қарағанды облысы бойынша

департаментінің бастығы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button