Ресми

Жеке сектор газбен толық қамтылады

Қарағанды аспанын желсіз күнде қою түтін басып қалады. Бұған басты себептің бірі – тұрғындардың арзан көмір қолдануы. Екіншіден, қаладағы жеке сектор тұрғындары толық көгілдір отынға қосылмауы. Осы мәселеге облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірлік коммуникациялар алаңында өткен тікелей эфирде жауап берді.

 

 – Қалада жеке сектор тұрғындарын орталықтандырылған газ жүйесіне қосу жұмыстары жүріп жатыр. Әрі ауыз су да тартылуда. Осы жұмыстарды үшін жер қазылады. Қала әкімдігі мердігер компанияларға қазған орнын қайтадан тегістеу жайында талап қойған. Бүгінде біршама үйге газ да, су да жетті. Бұл жұмыстар жалғаса береді. Егер жауапты мердігер компания өкілдері құбырларды дұрыс орнатпаса, қазылған жерді қайта қалпына келтірмесе, немесе қалыпқа келтірілмеген айғақ болса, тиісті шара қолданамыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Экология департаментінің мамандары қала ауасының ластанғанына сапасыз көмірдің тікелей қатысы барын айтып, дабыл қағуда.

– Әрине, қазіргі таңда қала тұрғындары арзан көмірге үйір. Тіпті, ұсақ көмір түрлерін де алады. Мұндай жағдайлардың тіркелгенін де білемін. Әсіресе, ескі қалада бизнес жасап отырған жеке кәсіпкерлер арзан көмір түрін пайдаланады.

Бүгінде өңірде жеке сектор тұрғындарын толық орталықтандырылған газ жүйесіне қосу жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін жеке сектор тұрғындарына пайызсыз несие беріледі. Бюджеттен 300 млн. теңге бөлінді.

Қазір Қарағанды мен Теміртау қаласының тұрғындары берілген пайызсыз несиені алып үлгерген. Яғни, бөлінген қаржының 200 млн. теңгесі игерілді. Келесі жылы да осы жүйені қайта жалғастырамыз. Алдағы жылы қала орталығындағы жеке сектор тұрғындарын көгілдір отынмен толық қамтамасыз етеміз, – деді облыс әкімі.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button