Жаңалықтар

Жеке деректерді қорғау Конституцияда бекітілуі тиіс – Марат Башимов

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов жеке деректерді қорғауға арналған бапты қолдады.

Сурет Конституциялық Сот

«Бұл жеке құқықтар мен бостандықтар, оларҚР Конституциясында бекітіліп, мемлекеттарапынан кепілдендірілуі тиіс, себебі бұладамның ең құнды жеке бостандықтарынпайдалануға мүмкіндік беретін құндылықтар: өмірге және жеке қауіпсіздікке құқық, жеке жәнеотбасы өмірінің игіліктері, моральдық жәнерухани кедергісіздік, өмірін, бостандығын, жекетұлға ретінде абыройын қорғауғақажеттіліктер», – деді депутат.

Марат Башимовтың айтуынша, жеке құқықтармен бостандықтардың негізгі мәніконституциялық формуладан туындайды: «Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарымемлекеттің ең жоғарықұндылықтары».

«Адамның жеке өмірі оның өз жеке өмірініңқоғамға немесе мемлекетке жариялағысыкелмейтін аспектілерінен тұрады. Бұлжекетұлғаның ерекше тәуелсіздігі, қоғам мен мемлекет бақылауына жатпайды», – дедіспикер.

Мұнда жеке деректердің заңсыз жинақталуы, өңделуі, сақталуы және қолданылуынанбостандық туралы сөз болып отыр, соныңішінде цифрлық технологияларды қолдануарқылы өңделетін деректерді де қамтиды.

«Бұл жеке құқықтар мен бостандықтар тобыжеке және отбасы өмірінің қорғалуы үшінкепілдік береді: жеке өмірге, жеке және отбасықұпиясына қол сұғылмаушылық құқығы. Жеке бостандыққа конституциялық құқықтыңқұрамына осы құқықтар тобына әр адамныңжеке деректерді заңсыз жинау, өңдеу, сақтаужәне пайдалануынан, соның ішінде цифрлықтехнологияларды қолдану арқылы, бостандыққа құқығы сияқты маңыздықұқықтарды қосу қажет», – деп атап өттідепутат.

Марат Башимов Қазақстан заңнамасында жекедеректерді қорғауға бағытталған нормалар бар екенін еске салды. Мысалы, ҚР «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 11-бабында меншік иелері, операторлар және үшінші тұлғалардыңшектеулі қолжетімді жеке деректердіңқұпиялылығын қамтамасыз етуге жәнесубъектінің келісімінсіз немесе заңды негізсізоларды таратуға жол бермеуге міндетті екендігікөрсетілген. Биометриялық деректердіңқұпиялылығы бөлек бекітілген.

Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің 148-бабының 1-бөліміне сәйкес, жеке өмірқұпиясын заңсыз бұзу екі жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстықжауапкершілікке әкеп соғады.

Айта кетейік, кәсіби құпияларға бөлек назараударылады. «Белгілі бір мамандық өкілдерінеазаматтардың құқықтары мен заңдымүдделерін қорғау үшін сеніп тапсырылғанжеке және отбасы құпияларын кәсіби құпиялардеп қарау қажет. Оларға дәрігерлік, адвокаттыққұпия, құпия исповедь, алдын ала тергеуқұпиясы, нотариалдық әрекеттер құпиясы жәнебасқалары жатады», – деп атап көрсеттіБашимов.

Басқа материалдар

Back to top button