Жаңалықтар

Киберқауіп кезінде қалай қорғануға болады?

Қазақстандықтардың жеке деректері желіге тараған жағдайда мамандар азаматтарға дәлелдерді жинап, ақпаратты өшіруді талап етуге және құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді. Қауіпсіздік шараларын уақытылы қабылдау кибершабуыл салдарын азайтуға мүмкіндік береді.

Жеке мәліметтері рұқсатсыз жарияланған жағдайда мамандар бірқатар міндетті әрекеттерді атқаруға кеңес береді:

Біріншіден, барлық дәлелдерді сақтап қою қажет. Электрондық хаттар, SMS, мессенджердегі хабарламалар, скриншоттар мен бейнежазбалар кейін полицияға немесе сотқа жүгінген кезде маңызды болады.

Екіншіден, деректер тараған сайттар мен платформаларға хабарласып, жеке ақпаратты өшіруді немесе түзетуді талап еткен жөн. Жалған немесе адастыратын мәліметтерді міндетті түрде жоюды сұрауға болады.

Үшіншіден, мұндай жағдай құқықтық жауапкершілікті көздейтінін ұмытпаған жөн. Егер деректер бопсалау, қорқыту немесе абыройға нұқсан келтіру мақсатында пайдаланылса, бұл қылмыс болып саналады. Азаматтар құқық қорғау органдарына хабарласып, құқығын заң аясында қорғай алады.

Мамандар жеке мәліметтердің қауіпсіздігін күшейту үшін әлеуметтік желілердегі ашық ақпаратты азайтып, құпиясөздерді жаңартып, қос факторлы аутентификацияны қолдануға кеңес береді.

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button