Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азамат неге ұсталмай жатыр?
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азаматқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ortalyq.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Журналистер жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азамат неге ұсталмай жатқанын сұрады.
– Иә, Қарағандыда мұндай факт болды. Іс қозғалды. Бүгінде күдікті іздестіріліп жатыр, – деп қысқа жауап берді бас полицей.
Сәденов ешкім жауапкершіліктен құтылып кетпейтінін, күдікті ұсталатынын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамның видеосы тарады. Әуелі ол жүргізушіге көлікті шетке қоймадың деп кінә артып, кейін оған қол көтерген.
Содан кейін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жедел жәрдем қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шаралар әзірлеуді тапсырды.
Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.