Бас тақырыпМедицина
Жедел жәрдем қызметкерлері енді видеожетонмен жұмыс істейді
Енді жедел жәрдем қызметкерлері видеожетонмен жүреді. Болашақта видеожетонды емханадағы дәрігерлер мен медбикелер де пайдаланады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

– Біз №225-бұйрықты қабылдап, барлық шақыртуларды бейнетіркеуге алу жүйесін енгіземіз. Әкімдіктер бұл жобаны қолдап, қажетті қаржыны бөлулері керек. Менің ойымша, мұны іске асыру үшін бізге үш ай уақыт керек. Жыл соңына дейін еліміз бойынша кезең-кезеңімен іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Алматы қаласында алғашқы тәжірибе жақсы нәтиже берді. Енді медицина қызметкерлері өздерін қауіпсіз сезінеді, ал дөрекілік танытатындар да тәртіп сақтауға мәжбүр, – деді министр Ақмарал Әлназарова.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА