Жаңалықтар

Жедел дамуға ықпал етеді

АЭС Қазақстанға электр энергиясын өндіруде түрлі көздерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл көмір мен газға тәуелділікті жояды. АЭС-те электр энергиясын өндіру құны электр станцияларының басқа түрлеріне қарағанда төмен болуы мүмкін. Атмосфераға көмірқышқыл газының шығарылуы, импорттық энергия көздеріне тәуелділік азаяды, бұл елді энергиямен жабдықтауда тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Сурет 123rf.com

Еліміздегі «Жаңа мамандықтар атласына» сәйкес еңбек нарығында 2030-2035 жылдары «АЭС салу және пайдалану жөніндегі мамандар», «Ядролық отын циклын өндіру жөніндегі инженер-технолог», «Реакторлық жабдықтар инженері» және тағы да басқа мамандықтар сұранысқа шығады.

Қазақстандық жоғары оқу орындарында атом саласы үшін мамандар даярлау ешқашан тоқтаған емес. Қазір бірнеше университеттер болашақ кадрларды дайындауда. Біздің еліміздегі ядролық физиктерді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университеті және басқа жоғары оқу орындары дайындайды. «Ядролық физика және технологиялар», «Ядролық энергетика», «Ядролық реакторлар мен материалдар» және «Ядролық инженерия» мамандықтары бойынша үш сатылы білім беру бағдарламасын дайындау шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері, Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің және Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттері «Ядролық физика институтында» ВВР-К зерттеу стационарлық реакторында тәжірибелік сабақтар өтеді. Үш жыл бойы Қазақстанда Мәскеу инженерлік-физикалық институтының (МИФИ) филиалы жұмыс істеп тұр, ядролық физиктерді даярлау жөніндегі жетекші халықаралық ядролық зерттеу орталығы. Сонымен қатар, атом энергетикасының дамуы ғылыми зерттеулердің және жалпы отандық ғылымның өсуіне оң әсері зор.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Электр энергетикасы», «Жылу энергетикасы» «Жылу желілерінің инженериясы» (2024 жылдан бастап), «Автоматтандыру және басқару», «Кірістірілген цифрлық басқару жүйелері» (2019 жылдан бастап) білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат, магистратура және докторантурада мамандарды дайындайды. Осы білім беру бағдарламаларының түлектері атом электр станцияларын іске қосу және пайдалану бойынша жұмыс істей алады.

31 елде 400-ден астам реактор жұмыс істейді, олардың көпшілігі АҚШ, Қытай, Францияда. Қазір 15 елде 62 жаңа реактор салынуда Египет, Түркия, Бангладеш, Украина, құрылыс туралы шешімді Өзбекстан қабылдады.

Атом және атом энергетикасы мамандары Ресейдің жоғары оқу орындарында дайындалуда. Мысалы, Мәскеу инженерлік-физикалық институтының (МИФИ), Р.Алексеев атындағы Нижний Новгород мемлекеттік техникалық университеті, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, Мәскеу инженерлік-физикалық институты, Ұлттық зерттеу университеті МЭИ Мәскеу энергетикалық институты, Ұлы Петрдің Санкт-Петербург политехникалық университеті, Обна атом энергетикасы институты, Волгодон инженерлік-техникалық институты, Апатиты қаласының Мурманск арктикалық мемлекеттік университеті, Воронеж мемлекеттік техникалық университеті, т.б. Ұлыбританияда («University Of Liverpool», «UNSW Sydney – University Of New South Wales», «University Of Birmingham», «Lancaster University», «Nottingham Trent University», «University Of Sheffield», «University Of Bristol»), Аустралияда, АҚШ-та («Colorado State University», University Of Massachusetts – Lowell, «University Of Nevada, Las Vegas»), Канадада («Ontario Tech University») және басқа да көптеген елдерде бар.

Осы университеттер дайындайтын мамандықтарды зерттей отырып, оларды жалпылауға болады, әрине, атом және ядролық энергетикасындағы мамандықтардың атаулары мен бағыттары бойынша айырмашылықтар бар. Әлемнің әртүрлі университеттеріндегі барлық мамандықтарға ортақ нәрсе бар. Жұмыс істеп тұрған атом электр станция­ларындағы кәсіптерге жүргізілген талдаудан осы тізім қысқаша түрде жасалды.

Қазақстанда АЭС салу шамамен 7-10 жылға созылады, менің ойымша, АЭС-те жұмыс істегісі келетіндердің барлығы білім алуға және практикалық дағдыларды игеруге уақыт жеткілікті.

Атом энергетикасы отандық ғылым мен білімнің дамуына, жоғары технологиялық ғылымды қажет ететін технологиялардың жедел дамуына ықпал етеді.

Қаршыға СМАҒҰЛОВА,
доцент, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің PhD докторы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button