Қарағанды

Әже тәлімін үйретті

     Қарағанды қаласы №18 жалпы білім беретін орта мектепте отбасылық құндылықтарды мадақтау бағытындағы дәстүрлі «Super Әже-2016» сайысы өтті.

      Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу мақсатындағы шара әже тәлімін үлгі етті. Әжелердің айтқан әрбір сөзі асыл екені, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану қажеттігі міндеттелді. Әжелер өнегесі арқылы баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету міндеттелді. Сайысқа бастауыш буыннан бес оқушы және олардың аяулы әжелері қатысты.

     Сайыс бес кезең «Таныстыру», «Қазақша киім үлгісі», «Қол өнер», «Өнер», «Қазақы дастарханым» деп аталды. Шарттары бойынша барлық әжелер өз немерелерімен бірге өнерлерін ортаға салды. Ән шырқалды, би биленді, сахналық қойылымдар қойылды. Сайыстың қорытындысы бойынша «Super Әже-2016» атағын Зинаш әже және үшінші сынып оқитын Камила немересі жеңіп алды. Сайысқа қатысқан төрт әже «Сұлу әже», «Шебер әже», «Асыл әже», «Өнерлі әже» аталымдарымен марапатталды.

Гүлжанат ШҰҢҒЫЛТАЕВА,

18 жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button