Спорт

Жеңісті қолдан жұлып алды 

Футболдан ел чемпионатының Х турында қарағандылық «Шахтер» өз алаңында павлодарлық «Ақсу» клубын 2:1 есебімен жеңді.

Алғашқы таймда қарсыластар допқа көбірек иелік етті. Соған сәйкес қақпаға да жасаған соққылары алаң иелеріне қарағанда басым болды. 

25-ші минутта қарсыластардың кезекті шабуылында қарағандылықтар айып алаңында ойын ережесін бұзады. VAR жүйесіне жүгінген төреші «ойын ережесі бұзылды» деген шешімге тоқталып, қарсыластарға айып добын орындауға мүмкіндік береді. Айып добын орындауға мүмкіндік алған Мирас Тұрлыбек, өкінішке қарай мүмкіндікті мүлт жіберіп алды. Оның қақпаға бағыттаған добы қақпа бағанасына тиіп, кері қайтты.

44-ші минутта жерлестер бұрыштама добын орындайды. Осы тұста әуелете көтерілген допты қақпа алдында тұрған Стефан Букорац әріптесі Иван Свиридовқа пас асырады. Шабуылшы өзіне келген допты қақпаға бағыттап, командасын есепте алға шығарады.

Алайда, араға бір минут салып, қарсыластар таразы басын теңестіреді. Қарсыластар допты ойынға қосқан бойда оң қапталдан шабуыл ұйымдастырады. Оң қапталда доппен келе жатқан Хайме-Тони Сильва айып алаңында жүрген әріптесі Дамир Маратқа әуелете пас асырады. Жас шабуылшы осы мүмкіндікті жібермей, допты қақпаға дәл бағыттап, есепті теңестірді. Осымен ойынның бірінші айналымы 1:1 есебімен тәмамдалды.

Екінші таймда қос команда барынша шабуыл ұйымдастырғанымен, ешқандай нәтиже көрсете алмады. Төреші ойынның негізгі уақытына қосымша бес минут қосады. Алаң қожайындары осы сәтті пайдаланып, жеңісті қолдан жұлып алды. Темур Чогадзе оң қапталдан шабуыл ұйымдастырып, ортада жүрген әріптестеріне пас асырады. Темурдың пасын қақпаға тоғыту үшін Айдос Таттыбаев допқа ұмтылғанымен, допқа жете алмай қалады. Бірақ, қарсылас қақпасының алдына Айдостан бұрын барған Максим Галкин допты тосып алып, қақпаға тоғытады. Осылайша «Шахтер» кезекті жеңісіне қол жпткізді.

Бүгінгі таңда қарағандылықтар ел чемпионатының турнир кестесінде 11 ұпаймен – Х орында.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button