Жеңіске жетелеген жалғыз гол
Астана футбол клубы Конференция лигасының плей-офф кезеңінде өз алаңында албаниялық «Партизани» клубын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның алғашқы бөлігінде отандастарымыз қарсыластарынан допқа иелік ету және қақпаға соққы бағыттау көрсеткіші бойынша алда тұрды. Ойынның 41-ші минутында Степан Лончардың қақпаға бағыттаған добы таблодағы есепті өзгертті. Есеп 1:0.
Осыдан кейін араға 5 минут салып Абат Айымбетов есепті еселеген болатын. Алайда, Абаттың голын төрешілер ойыншыны «ойыннан тыс қалды» деп, соққан голын есепке алмады.
68-ші минутта отандастарымыздың тағы да есепті еселейді. Бұл жолы Марин Томасов есеп ашқан болатын. Алайда, төрешілер ойыннан тыс қалған ойыншының голын есепке алмады.
Марин Томасов 91-ші минутта қайта гол салған еді. Төрешілер бұл голды да «ойыннан тыс салынды» деп есепке алмады.
Осылайша отандастарымыз қарсылас қақпасына төрт гол салып, оның тек біреуі ғана есепке алынды.
Қос команда арасындағы қарымта ойын 31 тамызда Албанияның Эльбасан қаласында өтеді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz