Жеңіс Өсербай ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жеңіс Әлібекұлы Өсербай берген өтінішіне сай Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. 

Жеңіс Өсербай 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Ақмола технология және бизнес университетін, РФ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы жеке компанияда экономист ретінде бастаған.

2001-2002 жылдары — жеке ұйымның қаржы талдаушысы.

2004-2006 жылдары — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Жобаларды кредиттеу департаментінің бас менеджері.

2006-2019 жылдары жеке компанияларда басшылық қызметтер атқарды.

2021 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып жұмыс істеді.

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі