Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары 9 Мамыр — Жеңіс күні қарсаңында ерекше атмосфераны сезіне бастады. Мерекелік көңіл-күйді арттыру мақсатында қала көшелерінде безендірілген қоғамдық көліктер қатынай бастады. Бұл бастама арқылы Ұлы Жеңістің рухы мен маңыздылығы тұрғындарға жақындатылып, бейбіт өмір үшін күрескен ардагерлерге құрмет көрсетілуде.

№3 автопарктің мәліметінше, мерекелік автобустар жеті бағыт бойынша қала ішіндегі қозғалысты қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, олар келесі бағыттарда жүріп жатыр: № 1, 40, 43, 53, 145, 118э және 146. Қаланың әр ауданынан аталмыш автобустарды кездестіруге болады. Бұл қала тұрғындарына Жеңіс күнінің рухын күнделікті өмірде де сезінуге мүмкіндік береді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz