Жаңалықтар

Жеңіс Қасымбек: «Суға батқан көліктегі адамдарды құтқарған батырларға 5 млн тг сыйақы беріледі»

Сықырлаған сары аязда суға батқан көліктегі адамдарды құтқарып қалған бүгінгінің батырлары Оразалы Асылханов пен Думан Кәкеновке облыс әкімі 5 млн тг көтермелеу сыйақысын беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Президентіміз ұлықтау рәсімінде нағыз қаһармандардың халық арасында екенін айтқан еді. Соның дәлеліндей біздің жерлестеріміз Оразалы Асылханов пен Думан Кәкенов екі әйел мен екі баланы құтқарып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кәсіби деңгейде әрекет етті.

Бұқар жырау ауданының тұрғыны Думан Кәкенов суға батып бара жатқан көлікті көріп, осы көліктің жолаушысы болған Оразалыға жолаушыларды құтқаруға бағытталған алғашқы шараларды іске асыруға көмектесті.

Жедел қабылданған шаралардың арқасында жерлестеріміз қайғылы жағдайға жол бермеді. Соған байланысты Думан Кәкенов пен Оразалы Асылхановты әрқайсысын 5 млн теңге көлеміндегі сыйақымен көтермелеу туралы шешім қабылдадым. Сонымен қатар Оразалыны жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеміз. Бұған қоса, Қарағанды облысының ТЖД бұл жігіттерді марапаттауға ұсынатын болады», – деп жазды аймақ басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button