Ресми

Жеңіс Қасымбек сайлауда дауыс берді

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауында дауыс берді. Аймақ басшысы таңертең №102 мектеп-гимназиясында орналасқан №42 сайлау учаскесіне келді.

Сайлау комитетінің төрайымы Ләззат Ділмағамбетованың айтуынша, таңғы жетіден бастап мұнда 30 адам дауыс берген. Учаскеде барлығы 2 700 сайлаушы тіркелген. Үйге шығуға үш өтінім келіп түсті.

– Сайлау барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуде, біздің учаскеге ашылғаннан бері 30-дан астам адам келді. Үш адам денсаулық жағдайы бойынша және егде жасына байланысты дауыс беруге үйінен қатысуға ниет білдірді. Оларға сайлау комитетінің мүшелері сағат 12.00-ден бастап бара бастайды. Сайлау белгіленген нормаларға сәйкес бұзушылықсыз өтеді. Партиялардан 11 бақылаушы және сенімді тұлғалар жұмыс істейді, – деді Ләззат Ділмағамбетова.

Қазіргі сайлау күрделі жағдайда өтіп жатыр, деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

– Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Облыс бойынша 700-ден астам учаске ашылды, онда әрбір сайлаушы құқықты пайдаланып, өз таңдауын жасай алады. Атқарушы органдар тарапынан пандемия жағдайында дауыс беру үшін қауіпсіз санитарлық жағдай жасалған, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Қарағанды облысында 778 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлау комиссияларының құрамында 5 509 адам бар. 920,4 мың сайлаушы тіркелген. Сайлау процесін халықаралық ұйымдар мен аймақтық қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары қадағалайды. Сайлау учаскелерінде саяси партиялардың 3 мыңға жуық сенімді өкілдері бар.

Басқа материалдар

Back to top button