ЖаңалықтарРуханият

«Жеңіс Қашқынов оқулары» өтеді

Абай атындағы Қарағанды балалар кітапханасы жерлес ақын Жеңіс Қашқыновтың шығармашылығына арналған «Жеңіс Қашқынов оқуларын» өткізеді. Облыстық мәнерлеп оқу байқауы 4-5-ші сынып оқушылары арасында өтпек.

Сурет: ұйымдастырушылардан

Қатысушылар «Ашылған сыр» және «Батырдың анасы» атты екі өлеңді жатқа, мәнерлеп оқулары шарт.

Байқау балалардың өлең оқуға деген қызығушылығын ояту, оларды Жеңіс Қашқыновтың поэзиясымен таныстыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр, – дейді кітапхананың мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ирина Черникова.

Өтінімдер odb_abai@mail.ru ұйымдастырушының электрондық поштасына 15 сәуірге дейін қабылданбақ. Қосымша ақпаратты 8-705-979-75-39, (8-7212) 41 23 25 нөмірлері бойынша алуға болады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button