Жаңалықтар

Жеңімпаздармен жүздесу

Облыстық тарихи-өлкетану музейі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасының 2018 жылғы жеңімпаздарымен кездесу өткізді. Жоба жеңімпаздары Майқұдық полиция бөлімінің инспекторы Дәурен Алтаев пен спорттық акробатикадан Азия чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, Польшада өткен әлем кубогінде алтын медаль иеленген Никита Амоскин шақырылды.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы негізгі жобалардың бірі. Кездесу барысында көрерменге жоба жеңімпаздары жайлы ақпараттық бейнеролик ұсынды.

Бұл жобаға 2017 жылы 195 өтінім жіберіліп, ішінен 7 қатысушы жеңімпаз атанған еді. Ал, 2018 жылы да жіберілген 135 өтінім бойынша жеңімпаздар анықталған болатын. 2019 жылы 98 өтінім жіберілген. Қазіргі уақытта дауыс беру қорытындысы аяқталды.

Полиция болу – менің бала күннен бергі арманым еді. Ағам да осы салада қызмет еткен. Погон тағып, киімін кигенде менің де қызығушылығым арта түсетін. Азаматтық борышымды өтеп келгеннен кейін тәртіп сақшысы қызметіне келдім, – дейді Дәурен Қасымжанұлы.

Әкімшілік аумақта кезекшілікте жүрген уақытта тұрғындардың шақыруымен жедел басқару орталығынан апатты дабыл қағылған. Межелі жерге уақытылы жеткен құтқарушыларға өртке оранған пәтер ішінде балалардың қалып қойғанын жарыса айтады жұрт. Лапылдап жанған оттың ішіне сескенбей кірген полиция инспекторы ұйқыда жатқан төрт бүлдіршінді аман-есен сыртқа алып шығады. Ол, Елбасы жарлығымен «Ерлігі үшін» медаліне ие болды. «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанды.

Бала кезімде бұл спорт түрімен айналыспаған едім. Хоккей ойнап, суда жүзгенді ұнататынмын. Атам грекрим күресінен спорт шебері. Сол кісімен дайындалатын едік. Ағам екеумізді әртүрлі спорт үйірмелеріне беретін. Ең бірінші күрес залына баратын болсақ, одан шыққаннан соң жүзуге баратынбыз. Физикалық тұрғыдан төмендеп кеткендігімнен спорттық акробатикаға ауыстым. Содан бері қол үзбей шұғылданып келемін. Серіктесім Анастасия Долгонева екеуміз 10 жыл өнер көрсеттік. Жетістіктерге бірге жеттік, – деді спортшы Никита Амоскин.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button