ЖаңалықтарСпорт

«Жеңімпаз рухы» ұлттық сыйлығы табысталды

Астана қаласында спорт саласындағы жылдың таңдаулы жүлдесі «Жеңімпаз рухы» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды. Жеңімпаздардың қатарында Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы да бар, деп хабарлайды Ortalyq.kz Экспресс К. сайтына сілтеме жасап.

Жазғы спорт түрі бойынша ең үздік спортшы атағы балуан қыз Жәмилә Бақбергеноваға бұйырды. Ол биыл әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды. Әлем біріншілігінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал қысқы спорт түрлерінен паралимпиадашы Александр Герлиц үздік деп танылды. Герлиц Бейжіңде өткен Паралимпиада ойындарында қола жүлде еншілеген. Өзге номинациялардың жеңімпазы мынандай:

«Жылдың үздік жаттықтырушысы» — Нұрсұлтан Теміров (жазғы) пен Антон Жданович (қысқы);

«Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы» — Ұлттық коньки тебушілер федерациясы

«Жылдың үздік спорт мекемесі» — Атырау облысы «Мүгедектердің спорт ұйымы»

«Жылдың үздік спорт өңірі» — Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы;

«Ауылдағы үздік жаттықтырушысы» — Дастан Канатбекұлы Балабеков (Жетісу облысы);

«Дене шынықтыру және спорт бөлімінің үздік маманы» — Ирина Новикова мен Елена Галиц (Астана);

«Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы» — Самат Сапишев (Шымкент);

«Ойын түрлері бойынша үздік спорт командасы» — «Қуаныш» волейбол клубы (СҚО);

«Ауылдағы үздік дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері» – Бекжан Адамбеков (Түркістан облысы);

«Жыл жаңалығы — үздік спортшы» — Елена Рыбакина;

«Жылдың үздік меценаты» — Қайырбек Сәдуақасұлы Хамзин (СҚО);

«Жастар мен жасөспірімдер арасындағы үздік спортшы» — Алан Құрманғалиев (үстел теннисі), Евгений Федоров (велоспорт), Мария Бровкова (каноэде ескек есу);

«Сейдахмет Бердіқұлов атындағы үздік спорт журналисі» номинациясы — Аслан Қаженов (Үздік телевизиялық репортаж), Ғалым Сүлеймен (Үздік фоторепортаж), Бек Төлеуов (Үздік жарияланым).

Басқа материалдар

Back to top button