Жаңалықтар

Жазушы Софы Сматаевтың 80 жылдық мерейтойына орай «Арқаның аңызы, Алаштың абызы» атты шығармашылық кеші өтеді

Қараша айының 15-і жұлдызында сағ. 17.30-да С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында қазақ әдебиетінің классигі, Халық жазушысы, белгілі қоғам қайраткері Софы Сматаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Арқаның аңызы, Алаштың абызы» атты шығармашылық кеші өтеді.

Жазушының өзі қатысатын кеш бағдарламасында С.Сматаев туралы «Тұлға» фильмі көрсетіледі. С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының актерлері «Көгілдір такси» спектаклінен үзінді қояды. Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арқа сазы» және «Аққу» фольклорлық ансамблдері мен әнші Сержан Мұсайын өнер көрсетеді.

Басқа материалдар

Back to top button