Жазушы, баспагер Арман Әлманбет – Президенттің арнаулы әдеби сыйлығының иегері
Президенттің арнаулы әдеби сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл қатарда белгілі жазушы, баспагер Арман Әлманбет те бар. Ол Арқадағы бас басылым «Ortalyq Qazaqstan» газетінде еңбек етті.

«Проза» номинациясында Арман Әлманбеттің «Тергеуші» романы үздік атанды. Автордың айтуынша, романды жазуға үш жыл уақыт кеткен.
– 2019 жылы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ең өзекті міндеттердің бірі – құқық қорғау жүйесін толық реформалау болып саналады. Полицияның бет-бейнесі өзгереді» деп еді. Пре- зидент тек киім емес, тәртіп сақшыларының халық алдындағы бейнесі туралы да айтты деп ойлаймын. Полициядан халық қорықпауы керек. Керісінше, арқа сүйері, қорғаны бола алып, сенімі мен құрметіне айналуы тиіс. Романға осы идеяны арқау еттім, – деді Арман Әлманбет.
Ерік НАРЫН
«Ortalyq Qazaqstan»



