АймақБұқар жырау

Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің портреттік кеші өтті

Ғабиден Мұстафин кентінің көпшілік кітапханасында “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында портреттік кеш өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Ол тарихымыздың қатпар-қатпар шындығын көркем сөзбен қайта тірілткен кемел қаламгер Қабдеш Жұмаділовке арналып, оған Токаревка орта мектебінің оқушылары қатысты.

Шара барысында оқушылар жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы жан-жақты мәліметтер алды.

Кітапханашылар бұл кеште тақырыпқа сай жадынамалар, бетбелгілер таратып, оқушылар шара аясында электрондық кітаптарды оқу үшін GR-код жасалғаны туралы және оларды kitap.kz мобильді қосымшадан оқуға болатынын естіп,білді.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button