Бас тақырып
Жазда еліміздегі кейбір ақша аударымдары бұғатталады
Елімізде шілде айынан бастап кейбір ақша аударымдарына тыйым салынады, деп хабарлайды Ortalyq.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық банктің мәліметінше, алаяқтыққа қарсы орталық технологиялық алаң болмақ. Оған қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылады.
– Платформада нақты уақыт режимінде қаржы нарығы субъектілері арасында жалған транзакциялар, оның ішінде тиісті белгілері бар күдікті транзакциялар туралы деректер алмасылып отырады, – делінген хабарламада.
Алаяқтыққа қарсы орталықтың міндеті азаматтардың ақшалай қаражатын жалған транзакциялардан қорғау, алаяқтық операциялар дер кезінде анықтау және бұғаттау. Орталық 22 шілдеден бастап жұмысқа кіріспек.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.