Бас тақырып

Жазасын өтеушілерді босатуға негіз болатын аурулар тізімі жаңарды

Денсаулық сақтау министрлігі жазасын өтеушілерді жазадан босатуға негіз болатын аурулар тізімін кеңейтуді ұсынып отыр. Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. 

Сурет egemen.kz

– Жазасын өтеушілерді арасында өлім-жітімді азайту және ауыр науқастардың денсаулығын сақтау мақсатында жазадан босатуға негіз болатын аурулардың тізімін өзектендіру мақсатында тиісті жоба әзірленді, – делінген құжат жобасында.

Жазадан босатуға негіз болатын аурулардың тізімі келесі дерт түрлерімен толықтырылып отыр: 

– бауыр циррозы;
– созылмалы бүйрек ауруы;
– ауыр дәрежедегі созылмалы өкпе ауруы, сондай-ақ гормонға тәуелді аурулар.

Бұдан бөлек, арнайы медициналық комиссияның рөлі күшейтілді: оның міндеттері, функциялары, жұмыс қағидаттары мен құрамы бекітілді.

Сондай-ақ, жазасын өтеушілердің денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда, оны қайтадан медициналық куәландыру мүмкіндігі қарастырылған.

Құжат жобасы 2025 жылғы 5 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button