Жаңалықтар
Жазасын өтеушілер мекемеде “Көрісу күнін” атап өтті
14 наурыз – Қазақстандықтар дәстүрлі “Көрісу күні” мерекесін тойлады. Бұл күні тұрғындар бір-біріне қыстан аман шығуларымен, көктемнің келуімен құттықтап, жылы лебіздерін айтып, амандық тілеп, көріседі.
Осы орайда, Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД №36 мекемесінде жазасын өтеушілер мерекені ерекше өткізді. Бұл күні сотталғандар жиналғандардың барлығын көктемнің басты тағамы – Наурыз көженің дайындалуымен таныстырып, барлығына дәм татқызып, сонымен қатар ұлттық ойындардың мән-маңызын сөз етті.
Әділет майоры А. Кошкинов елдің тарихын біліп,дәстүр мен әдет-ғұрыптарды сақтау жазасын өтеушілерге оң әсер ететінін атап өтті.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz