АймақЖаңалықтар
Жазасын өтеушілер қардан Ту жасады
Қарағанды облысындағы №29 түзеу мекемесі Тәуелсіздік күніне орай қардан жасалған ерекше жұмыс әзірледі. Жазасын өтеушілер осындай шығармашылық пен белсенділіктің арқасында, өз елінің толыққанды азаматы болуға ниет білдірген.
-Ту әрбір азаматтың жүрегінде патриоттық сезімді оятып, Отанын мақтан етуге негіз береді. Бұл жобаны аяқтау үшін екі апта уақыт, бірнеше тонна қар, көк және сары бояулар қажет болды. Жазасын өтеушілер тәлімгерлердің жетекшілігімен күн сайын жұмыс істеп, өз ойларын жүзеге асыруға бар күштерін салды. Осындай ауқымды жұмыстарды атқарған кезде олардың ауызбіршілігі, еңбекқорлығы, еліне деген патриоттық сезімі байқалды, – дейді мекеме басшысының орынбасары, әділет подполковнигі Жансейіт Әбілқасымов.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.