АқтоғайПриозерск

Жазғы демалыстағы жарқын бастама

Жақында Приозерск қаласында Қарағанды және Ұлытау облыстары кітапхана жүйелерінің басшылары мен қызметкерлерінің ба­сын қосқан «Балалар кі­тап­ханашыларының жаз­ғы іс-тә­жірибесі-2024» тақыры­бын­да облыстық семинар өтті.

Сурет ұйымдастырушылардан

Семинарға қатысушылар тә­жірибе алмасып, идеяларымен бө­лісті. Балқаш қаласының А.Гайдар атындағы орталық балалар кі­тапханасының кітапханашысы ұсын­ған «Wordwall» сервисін пай­далана отырып, интерактивті жат­тығулар, сондай-ақ, Абай атын­дағы облыстық балалар кітапханасының инфографикасын пай­далану бойынша әдістемелік ұсынымдар ерекше назар аударды.

Бұл челленджге бірінші болып Балқаш қаласының А.Гайдар атындағы орталық қалалық кітап­ханасының кітапханашылары қатысып, өз белсенділіктерін көрсетіп, басқаларды шығармашылық бастамаларға шабыттандырды.

Бұл семинар аймақтың кітап­ханашылар қауымдастығының өміріндегі жарқын оқиға болды, оны жаңа идеялармен және практикалық біліммен байытты.

Нұрдос КӘРІМ,
ПРИОЗЕРСК
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button