Бас тақырып

Жазғы демалыста мұғалімдерге МӘМС жарналары қалай төленеді?

Жазғы уақытта мұғалімдердің ұзақ уақыт (бір айдан артық) еңбек демалысына шығатынына байланысты «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы өңірлерде жұмыс берушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Ал, оны «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңның 30-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын немесе жарналарын есептеуді және аударуды ай сайын жұмыс беруші жүргізеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет merei-m.kz

Сәйкесінше, заң бойынша, жұмыс берушілер ай сайын жалақының 3 пайызы, қызметкерлердің айлығынан – 2 пайыз мөлшерде МӘМС жүйесіне төлем жасауы керек. 

Егер, демалыс бірнеше кезеңді (бір айдан астам) қамтыса, төлемдер МӘМС-ке әр айға бөлек-бөлек бөліп төленеді. 

– Мысалы, мұғалімнің еңбек демалысы 2024 жылғы 25 маусым мен 18 тамыз аралығында (56 күнтізбелік күн) кезеңге келеді. Бұл жағдайда МӘМС-ке төлемдерді аудару маусым айында (демалыс төлемдерін төлеу кезінде) маусым, шілде, тамызға бөлінген үш жол бойынша бір төлем тапсырмасымен жүзеге асырылуға тиіс. Әр ай үшін сома тиісті демалыс күндеріне сәйкес, маусымда 7 күнге, шілдеде 31 күнге және тамызда 18 күнге есептеледі, – деп түсіндірді ӘМСҚ Маңғыстау облыстық филиалының бөлім басшысы Нұрлан Қыдырбаев, «Маңғыстау Медиа» агенттігінің жазуы бойынша.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button