Бас тақырыпРесми
Бүгіннен бастап жазғы дөңгелекпен жүрген көліктерге айыппұл салынады
Елімізде 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында көліктер қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Себебі бұл техникалық регламент талабы болып табылады.

Тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік кодексінің 590-бабының 5-бөлігі бойынша жазғы шинамен жүрген жүргізушіге айыппұл салуға құқылы.
Айыппұлдың ең төменгі мөлшері — 5 АЕК, яғни 17 250 теңге.
Егер бір жыл ішінде жүргізуші осындай заңбұзушылықты қайта жасаса, онда айыппұл 10 АЕК – 34 500 теңгеге дейін артады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА