Жаз мезгілінде суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері
Жаз маусымы жақындап қалды, бұл суға түсу және ұйымдастырылған демалыс уақыты. Күн жылынуымен бірге кейбір қалаларда субұрқақтар жұмыс істей бастады.

Жаздың аптап ыстық кезінде қала тұрғындары, әсіресе балалар, субұрқақтарға шомылады, өйткені күннің ыстығында субұрқақтардың суы тартымды және таза болып көрінеді. Сонымен қатар, субұрқақтағы су қосымша тазартудан немесе дезинфекциядан өтпейді. Бұл суда барлық шаң, жаңбырдан кейінгі ағынды су жиналады.
Күн ыстық болған кезде – су әлдеқайда тез қызады және микробтардың қарқынды көбеюі үшін қолайлы орта болады, бұған су алмасудың болмауы және судың жаңаруының болмауы ықпал етеді. Сонымен қатар, субұрқақтарда көгершіндер, торғайлар, қаңғыбас жануарлар да шомылады. Мұндай суда микробтардың болуы өз кезегінде ішек инфекцияларының, энтеровирустық және паразиттік аурулардың пайда болуына әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, субұрқақтар шомылуға арналмаған, олар бастапқыда жарақат алумен қауіпті, өйткені олар қатты материалдардан, көптеген сатылардан, өткелдерден жасалған. Су субұрқақтардың барлық беттерін өте тайғақ етеді, бұл жарақат алу қаупін айтарлықтай арттырады. Егер субұрқақтар жарықтандырумен немесе музыкалық сүйемелдеумен жабдықталған болса, электр тоғының адамды соғу қаупі бар.
Субұрқақтарда шомылуға ғана емес, қолды, жемістерді жууға болмайды.
Субұрқақтардың негізгі қызметі – тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін резервуар ретінде емес, эстетика жасау және ауаны ылғалдандыру.
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келесіні ескертеді:
– ата-аналар балаларына субұрқақтардағы су ойындарының жарақат алу қаупі, қауіпсіздік және жеке гигиенаны сақтау ережелері, сондай-ақ оларға шомылуға жол бермеу және тыйым салу туралы айтып, түсіндіру;
– шомылу үшін тек рұқсат етілген су объектілерін пайдалану;
– есіңізде болсын, ауа температурасы жоғары болған кезде суда микроорганизмдер тез көбейеді, сондықтан субұрқақта шомылу тек суық тиюге ғана емес, сонымен қатар жіті ішек инфекциясына әкелуі мүмкін;
– ең үлкен қауіп – энтеровирустық және ротавирустық инфекциялар, сондай-ақ, А вирустық гепатиті.
СУБҰРҚАҚТАРДА ШОМЫЛУҒА ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Юрий ЗАЛЫГИН,
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы