Жаңалықтар
Жаз басталғалы облыста 10 адам суға кеткен
Шомылу маусымы басталғалы Қарағанды облысының су айдындарында 10 адам суға кетіп, қайтыс болған.
Мәселен, Теміртау қаласында – 3, Қарағанды қаласында – 1, Бұқар жырау ауданында – 2, Абай ауданында – 1, Ақтоғай ауданында – 1, Осакаров ауданында – 1 адам, Нұра ауданында кәмелетке толмаған бір бала қайтыс болған.
Суға батқандардың бесеуі шомылуға тиым салынған жерде суға түссе, бір бала ересектердің қарауынсыз қалу себебінен және 4 жағдай балықшылардың қаза болуынан орын алған.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға төмен екенін айтады облыстың төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов. Оның ішінде балалардың қаза болуы бойынша көрсеткіш 5 есе төмендеген.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz