«Жауырыншы» жарыққа шықты
Белгілі жазушы, «Qasym» республикалық әдеби-қоғамдық журналының бас редакторы Серік Сағынтайдың «Жауырыншы» деп аталатын өлеңдер жинағы баспадан шықты. Таралымы – 1000 дана.
Серік Сағынтай поэзиядан бөлек прозада да қанат жайған қарымды қаламгер ретінде қазақ оқырманына таныс. Оның «Қарға» атты әңгімелер жинағы қазіргі қазақ прозасында лайықты бағасын алған.
Поэзия байтағында өзін мойындатқан ақынның «Фәни-құс», «Құс қайтару» деген өлең кітаптары бар. Енді, міне, биыл «Жауырыншы» кітабы Астанадағы «Кәусәр» баспасынан жарыққа шығып отыр. Бұл кітапқа автордың кейінгі жылдары жазған жаңа өлеңдері енген. Редакторы – Қуат Құрмансейіт.
Серік Сағынтайдың поэзиясынан қазақтың өз болмысынан тамыр тартқан қара өлеңнің асқақ үні естіледі. Өлеңдері туған жерге деген махаббатына, сағынышына орнатқан биік тұғырдай. Адамдықты, адамдық биіктен түсірмейтін ізгілікті жырына арқау етеді.
Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz