Теміртау қаласында сенімгерлік басқаруға берілген автобустарды қалпына келтіру жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындау шеңберінде TTS автопаркі №8-6 маршруттарға ЛИАЗ маркалы автобустарды шығарды.

Автобустар ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға бейімделген, едені төмен, сыйымдылығы – 117 жолаушы.
Автобустар 2017 және 2018 жылғы. Наурыз айының соңына дейін TTS автопаркі штатты жүргізушілермен қамтамасыз ете отырып, №14 маршрутқа осыған ұқсас тағы 7 автобус шығаруды жоспарлап отыр.
Әділет ШОПЕН.