Жауынгерлік Тумен қоштасу рәсімі өтті
«Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің жеке құрамы алдында бөлім командирі полковник Нүркен Жүнісалиев Жауынгерлік Тумен қоштасты. Аталған іс-шара Отан алдындағы қызметтің, яғни әскери лауазымдық қызметтің бір орыннан екінші орынға ауысуына орай ұйымдастырылған болатын.
Өзінің әскери қызметін взвод командирінен бастап, Приозерск гарнизонының бастығы лауазымына дейін көтерілген полковник Нүркен Жүнісалиев ендігі қызметін Астана қаласындағы орналасқан ҚР ҚК құрлық әскерлерінің бас штабында жалғастыратын болады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларына сәйкес, полковник Нүркен Жүнісалиев салтанатты түрде әскери бөлімнің Жауынгерлік Туымен қоштасты.
Ал, 06708 әскери бөлімінің командирі болып подполковник Шарипов Дидар тағайындалды.
Жауынгерлік Тумен қоштасу рәсімінде Приозерск гаринизонының бастығы полковник Дамир Алтайұлына құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара соңынан полковник Нүркен Жүнісалиев жеке құрамның ортасында тұрып, естелік фотосуретке түсті. Аталған іс-шара Отан алдындағы қызметтің, яғни әскери лауазымдық қызметтің бір орыннан екінші басқа орынға ауысуына орай ұйымдастырылған болатын.
Думан ЖҰМАШҰЛЫ,
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы.