Жаңалықтар

“Жауапкершілікті үлкендерден үйренейік”

№92 сайлау учаскесінде 2652 сайлаушы тіркеуде тұр. Сағат 14.00-де 1182-сі дауыс беріп үлгерді. Учаске төрағасы Сая Жақсыбекованың айтуынша, үлкендер жағы таңнан белсенділік танытуда.

– Жасы егде кісілер көптеп келіп жатыр. Мәселен, 93 жастағы Виктор Грибоедов есімді сайлаушымыз өз аяғымен келіп, дауыс берді. Мемлекет тағдырына, ел тағдырына жауапкершілікті үлкендерден үйренейік, – дейді Сая Сәтбергенқызы.

Сондай-ақ, сайлау учаскесі комиссиясының мүшелері үйді-үйді аралап, дауыс қабылдады. Әзірге, 10 сайлаушыдан өтініш түсті.
№93 учаскедегі белсенділік те айтуға тұрарлықтай.

– Учаскеде 2648 адам тіркеуде. Сағат 14.00-де дауыс бергендер саны 905-ке жетті, – дейді учаске төрағасы Жанат Ботабекова.

Сондай-ақ, бұл учаскеде түске дейін жасы он сегізге енді толған бес қыз-жігіт дауыс берді. Яғни, өмірлерінде алғаш рет таңдау жасады.

Нұрқанат ҚАНАПИЯ

Басқа материалдар

Back to top button