Жаңалықтар

Жауапкершілік жүгі ауыр

Қарағанды қаласындағы машина жасау колледжінде орналасқан №63 сайлау учаскесінде қызу жұмыс басталды. Алғашқы болып қала тұрғыны Акиш Ақпанбаева есімді зейнеткер дауыс берді.

Аталмыш сайлау учаскесінде 1965 дауыс беруші тіркелген. Хатшының берген дерегі бойынша сағат 8:45-ке дейін 30-дан астам тұрығын дауыс беріп үлгеріпті. Алғашқы болып дауыс берген зейнеткер Акиш Садыққызына учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Серікбол Шакимов өз қолымен сыйлық тарту етті.

— Сайлау учаскесінде сағат 6:30-дан бастап отырмын. Мұндағылармен бірге сайлаудың ашылуына қатыстым. Жәшікке пломбы қойған көріністің де куәгері болдым. Содан кейін өз таңдауымды жасадым. Ел ертеңі үшін әрқайсысымыздың дауысымыз маңызды. Әрқайсысымыздың мойнымызда жауапкершілік жүгі бар. Сондықтан ерте келіп, дауыс бердім, — деді зейнеткер.

Ербол ЕРБОЛАТ

Басқа материалдар

Back to top button