АймақОсакаров

Жаттығу айлығы басталды

ІІ Дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығы аясында Осакаров ауданында қорғаныс-бұқаралық және әскери-­патриоттық жұмыстар айлығы басталды.

Сурет ұйымдастырушылардан

Аптаның басында аудан орталығындағы №1 Тірек мектебінің акт залында Әлихан Бөкейхан атындағы, №9 гимназияның негізіндегі және №12 Тірек мектептерінің жасөспірім әскерилер отрядтары сап түзеді. Айлықтың ашылу салтанатына Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Динара Көшкенова, білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлнәр Әдірейісова, полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің басшысы Медият Құрамысов, азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы, подполковник Шыңғыс Нұрсейітов, қорғаныс ісі бойынша бөлім басшысы, майор Владимир Герега, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ислам Шәкірбеков, Қоғамдық кеңестің төрағасы Ержан Сүлейменов, Павел Ларин қатысты.
Жасөспірімдердің әскери отрядтарын сапқа тұрғызған лейтенант Сергей Маурер аудан әкімінің орынбасарына айлықтың ашылу салтанатына қатысушылар іс-шараға әзір екенін мәлімдеді. Динара Қаршығақызы ІІ Дүниежүзілік соғыста жеңіске жету үшін аға ұрпақ өкілдері жанын пида етіп, қанын төккеніне, қазіргі күрделі халық­аралық жағдайда жастар Отан қорғау үшін әскери-патриоттық жұмыстарға әзір болуы маңыз­ды екеніне тоқталып, жиынға қатысушыларды айлықтың ашылуымен құттықтады. Ауданның қорғаныс ісі бойынша бөлімінің басшысы Владимир Герега, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысушы Бекболат Сағымбеков, әуе қорғанысы күштерінің запастағы қызметкері Нұрболат Фархат болашақ Отан қорғаушыларға оқу мен еңбекте сәттілік тіледі.
Іс-шараның соңында жасөспірімдердің әскери отрядтары жиынға қатысушылардың алдынан салтанатты шерумен жүріп өтті.

Ермек БАЛТАШҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Осакаров ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button