Жасымас жігер рухын сездім
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатын мұқият оқып шықтым. Бұл – өзі айтқандай, қатардағы сұхбат емес. Атқарылған жұмыстардан бөлек, халыққа жасалған үндеу ретінде және алдағы міндеттер, елдің көкейінде жүрген сұрақтар, түйткілді ойларды ашып айтты.
Оның ішінде, ең маңыздысы, уақыт белдеуінің өзгеруі туралы алғаш рет мәлімдеме жасады.
Былтырғы су тасқынының зардабын жою, экономикамызға тигізген кері әсері, негізгі себептерін ашып айтты.
«Осы атқарылып жатқан жұмыстарыма барлық жауапкершілікті мойныма аламын. Мен басқаша жұмыс істей алмаймын, істемеймін де. Алда еліміз үшін істейтін жұмыстарымыз көп», – дегені. Бұл – өте ауыр сөз, білген адамға.
Бұндай сөзді өз-өзіне сенімді, атқарылып жатқан жұмысына түпкі нәтижесіне көзі жетіп тұрған адам ғана айта алады. Ол үшін жүрек пен мінез керек. Мұнда зор салмақ жатыр. Сонымен қатар, цифрландыру мәселесіне де тоқталды. Өйткені, цифрландырудың жемқорлықты жоюға көмегі мол. Жалпы, сұхбаттан ертеңге деген сенім мен жасымас жігердің рухын сездім.
Ниқанбай ОМАРХАНОВ,
мемлекеттік қызмет ардагері