АймақШахтинск

«Жасыл ел» жасақтары Шахтинск қаласында экологиялық тәртіп орнатты

Шахтинск қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қатысуымен кең ауқымды экологиялық акция өтті. Жастар қаланы абаттандыруға белсене атсалысып, қоғамдық орындар мен жасыл аймақтарды тазартты.

Сурет ortcom.kz

Акция барысында жасақ жауынгерлері аула аумақтарын, саябақтар мен жаяу жүргінші жолдарын тазалап, тұрмыстық қалдықтарды жинап, қаланың көркін ашуға бағытталған нақты жұмыстар атқарды. Жасыл желектерді ретке келтіру, шөп шабу, қоқыстан тазарту және бұталарды қалыпқа келтіру сияқты шаруалар тындырымды атқарылды.

Бұл шараның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастырумен қатар, жастардың туған өлке алдындағы жауапкершілігін арттыру. Өз еңбегімен қаланың тазалығына үлес қосып жүрген жастардың бұл әрекеті  патриотизмнің жарқын үлгісі.

Жергілікті тұрғындар да жастардың бастамасына ризашылық танытып, олардың еңбегін жоғары бағалады. Қала әкімдігі жастарға алғыс білдіріп, экологиялық шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Басқа материалдар

Back to top button