Бүгін Теміртау қаласындағы «Жастар орталығының аумағында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жазғы бірінші маусымының салтанатты ашылуы өтті.
Бұл рәсімге құрышшылар қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту, сондай-ақ жастардың отансүйгіштігі мен туған табиғатқа ұқыпты қарауын қалыптастыру мақсатында мектеп оқушылары мен студенттерді, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастырумен айналысатын 300-ден астам жауынгер қатысты.
Елімізде қабылданған бұл «Жасыл ел» бағдарламасы жастарды өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсартуға белсенді қатысуға тартуға бағытталған. Оған қатысушылар осы мезгілде ағаш отырғызумен, саябақтар мен гүлзарларды абаттандырумен, қоршаған ортаны қорғау жұмыстарымен шұғылданады.
Ержан ИМАШ,
ortalyq.kz
ТЕМІРТАУ