«Жасыл ел» еңбек жасағына қабылдау басталды
Аймақта «Жасыл ел – 2023» жастар еңбек жасақтары жауынгерлерінің қатарына қабылдау басталды. Биылғы жылдың 1 маусымынан бастап 14 жастан 34 жасқа дейінгі аймақ тұрғындары қатыса алады. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына басымдық берілетін болады. Құжаттарды қабылдау 15 сәуірде аяқталады.
Жауынгерлер елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарымен айналысады. «Жасыл ел» қамқорлығымен түрлі тақырыптық іс-шаралар мен экологиялық акцияларға қатысады. Аталмыш жоба өңірде 2005 жылдан бастап іске асырылуда. Соңғы үш жылда 14 пен 28 жас аралығындағы 5 мыңнан астам тұрғын қатысқан. Биылғы еңбек маусымына қатысу үшін қаланың (ауданның) Жастар ресурстық орталығына хабарласып, жиналған құжаттар топтамасын тіркей отырып, тіркеу нысанын толтыру қажет.
Құжаттар пакеті төмендегідей:
– Өтініш берушінің жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі. Кәмелетке толмаған адамға ата анасының немесе заңды қамқоршысының жазбаша рұқсаты қажет болады;
– ЖОО және колледж студенттері үшін оқу орнынан анықтама;
– Терапевттен эпидемиялық орта туралы анықтама. Оны тіркелген жері бойынша емханадан алуға болады;
– Жеке банктік шоттың болуы туралы анықтама;
– Әлеуметтік осал санатқа жататынын растайтын құжат (бар болса).
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары 1 маусымнан 31 тамызға дейін ай сайынғы негізде жұмыс істейтін болады. Бұл ретте әрбір қатысушы бір айдан аспайтын мерзімге жұмысқа орналасады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,