Спорт
Жасыл алаңда өткен бір күн
Кемтар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қарағандылық «Шахтер» футбол командасының жаттығуына қатысты. Бұл үрдіс балаларды қорғау күні қарсаңында дәстүрге айналған.
Футбол клубы бұрыннан бері «ТҚАЗ» мектеп-интернатымен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен жыл сайын дәстүрге айналған. Интернат тәрбиеленушілері жасыл алаңда кәсіпқой футболшылармен доп теуіп, естелікке суретке түсті. Сонымен қатар, футбол командасының бапкерлері де қатысып, жаттығудың әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz