Жастармен ашық диалог: Конституциялық өзгерістер талқыланды
«Ұлт қазынасы» республикалық жобасының тәлімгерлері мен Taldau өңірлік талдамалық мектебінің түлектері Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ-де студенттермен дискуссиялық кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, жастармен ашық диалог жасалды.

Кездесудің мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығы мен азаматтық белсенділігін арттыру. Мемлекеттік өзгерістерге саналы көзқарасты қалыптастырып, жастарды ел үшін маңызды шешімдерді сындарлы талқылауға тарту.

Бұл кездесуде бірқатар «Ұлт қазынасы» жобасының тәлімгері мен Талдау мектебінің түлектері сөз сөйлеп, жастарға конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарын айтып берді. Одан бөлек, елдің дамуына қосатын үлестері, әділдік, заңдылық және азаматтық жауапкершілік қағидаттарын нығайтудағы маңызын атап көрсетті.
Ашық диалог форматында студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Әрі конституциялық реформа мәселелері бойынша көкейде жүрген сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды.
Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Ербол ЕРБОЛАТ
Ortalyq.kz



