АймақБұқар жырау

“Жастар жаһандану кезеңінде” әңгіме өрбітті

Доскей ауылдық кітапханасы мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп “Жастар жаһандану кезеңінде” тақырыбында  жастармен кездесу өткізді. 

Сурет ұйымдастырушылардан

“Рухани келісім” күні қарсаңында өткен бұл кездесуге Бұқар жырау ауданының Жастар ресурстық орталығының дінтанушы маманы Жантөре Төкен қатысып, дін, зайырлы қоғам, жастар келешегі туралы әңгімелеп, жастар қойған сұрақтарға жауап берді.

Кітапхана қызметкерлері кездесу тақырыбы бойынша қатысушыларға аңдатпалар мен жадынамалар таратып, оларды ақпараттық көрмемен таныстырды.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button