Жаңалықтар

Жастар – жаңа Қазақстан келбеті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында «Адам капиталының сапасын барынша арттыру керек» деп атап өтті. Президент бұл мәселе өзінің айрықша назарында екенін айтты. Себебі, Қазақстанның басты байлығы – адам. Оның денсаулығы, білімі, әлеуметтік жағдайы қашанда мемлекеттің міндетіне кіреді. 

 

Президент өз сөзінде білім беру саласына да тоқталды. «Қарым-қабілеті зор, білімді азаматтар елімізді алға бастайды. Сол үшін білім беру жүйесін жан-жақты дамыту қажет. Соңғы жылдары мемлекет бұл салаға инвестицияны едәуір көбейтті» деді.

Білім саласы – ұлт сапасын жақсарту ісінде үлкен рөл атқаратындығы белгілі. Сол себепті жастардың сапалы білім алуына, өмірден өз орнын табуына үлес қосатын оқу орындарының заман ағымына ілесуі де маңызды.

Мәселен, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті студенттерге жаңа технологиялар негізінде жоғары білім беретінін айта кеткен жөн. Оған қоса биыл студенттердің білім аясын кеңейту, біліктілігін арттыру  мақсатында жаңа ғылыми-білім беру кешендері ашылмақ. Сондай-ақ, ғылымды зерделеп жүрген жастарға арналған конференциялар, ғылыми сайыстар жүзеге асады.

Елдегі адам капиталын өсіру, еліміздің болашағы жас ұрпақты біліммен қаруландыру – аса маңызды іс. Жастардың дұрыс білім алуына бағыт-бағдар беру – аға буын міндеті. Осы мақсатта университетіміздегі жоғарғы білім саласының қызметкерлері жастардың болашағы үшін ауқымды іс атқарып келеді деп айта аламыз.

Президент елімізді алға бастайтын білімді азаматтар екенін айтты. Жаңа Қазақстанның келбеті – жаңаша ойлайтын талантты жастар. Осы білімді де талантты жастарды даярлауда жоғары оқу орындарының қызметі мен маңызы өте зор.

Әсет РАҚЫШЕВ,

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button