Ресми

Жастар жұмысқа кірісті

Кеншілер шаhары жыл сайын көркейіп, құлпырып келеді. Оған осы қалада құрылған «Жасыл ел» қозғалысына қатысушы жастардың қосып жүрген үлесі зор. Елімізде 2005 жылы қолға алынып, жүзеге асырыла бастаған бұл бағдарлама аясында оқушылар мен студенттерді, жұмыссыз жастарды маусымдық ақылы жұмыстарға тартады. Олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану арқылы елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, өз аймақтарында экологиялық және тазалық жағдайын жақсарту көзделген.

Сурет ұйымдастырушылардан

Қарағанды қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XX еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті.

– Баршаңызды биыл «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XX еңбек маусымының салтанатты түрде ашылуымен құттықтаймын! Қымбатты «Жасыл ел» сарбаздары, жылдан-жылға қатарларыңыз толығып келеді. Биыл 3000 сарбаз біздің қаламыздың абаттандыру, гүлдендіру жұмысына қатысады. Сіздердің еңбектеріңіз сүйікті қаламыздың көркеюіне ықпал етеді, – деді «Жасыл ел» жобасының жетекшісі Алтынтөре Букенов.

Салтанатты шара барысында «Жасыл ел» сарбаздарымен кездесу өтіп, маусымдық жұмыс барысында орындалатын міндеттер мен қауіпсіздік ережелері бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Маусым айында 700-ге жуық сарбаз жұмыс істейді. 3 ай ішінде барлығы 2000 сарбаз жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Жастардың еңбек етулеріне барлық жағдай жасалған, жұмыс киімдерімен қамтамасыз етілген.

«Жасыл ел» сарбаздары қалалық саябақтар мен алаңдарда, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының аумақтарында көгалдандырумен айналыспақ.

Аружан СЕРІКБАЙ,
Қарағанды зерттеу университеті журналистика бөлімінің II курс студенті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button