Жаңалықтар

Жастар сыйлығы табысталды

    Жыл сайын қаламызда шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметі үшін жастарға Саран қаласы әкімінің «Қыран» дәстүрлі сыйлығы табысталып келеді. Айтулы шара осы жылы да жалғасын тауып, мәдениет үйінде сыйлықты табыстау рәсімі өтті. Оған шағын шаһардың кәсіпорындары мен мекемелері қызметкерлері, еңбек ардагерлері, жастар, қала жұртшылығы қатысты.

    Алғашқы болып сөз алған Саран қаласының әкімі А.Шкарупа салтанатты шараға қатысушыларды Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап, еліміздің жылдар желісіндегі жетістігін атап өтті.

Жастар – еліміздің ең белсенді қозғаушы күші, қоғамның бір бөлігі. Жас Қазақстан мемлекетін өз білімімен, жасампаз еңбегімен, күш-жігерімен қалыптастыруға септігін тигізіп, дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемге атын әйгі­леу­ге жас өрендеріміз тер төгуде. Жастардың бүгінгі сыйлығы – жас өрендерімізді биік мақсаттарға ұмтылдырып, оларды жүзеге асыруға жігерлендіреді. Біз жастарды қанаттандырып, жоғары жетістіктерге жетуіне ынталандырамыз – деді қала басшысы А.Шкарупа. Бұдан кейін Анатолий Шкарупа «Жыл Дарыны» номинациясы бой­ынша дара шыққан Қарағанды Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенті Мәди Сәулетке сыйлық тапсырды. Сондай-ақ, Саран қалалық мәслихатының хатшысы Р.Бекбанов және өз саласының мамандары үміткерлердің есімін жария етіп, сыйлықтарды табыстады. «Мемлекеттік тіл – болашағым» номинациясы өзге ұлт өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді меңгерген, тіл саясатын дамытуға белсенді атсалысқан – Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Анжелика Гофманға берілді. Сонымен қоса, «Жас маман» номинациясына – Саран қаласының №17 мектебінің тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі Никита Максименконы, «Отан Қорғаушы» номинациясына – Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті Саран қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Дамир Ускеновті, «Жас жұмысшы» номинация­сына – «Astykalem» ЖШС нау­байшысы Бауыржан Сатаевты, «Жылдың жас спортшысы» номинациясына – жеңіл атлетикадан бірнеше дүркін чемпион Фарида Загрутдинованы, «Жылдың үздік оқушысы» номинациясына – №6 мектептің 11 сынып оқушысы Артур Межлумянды лайық деп таныды. Басқа үміткерлерге де естелік сыйлықтар табысталды. Салтанатты шара өнерпаздардың концертіне ұласып, жиналғандар «Жаңа дәуір Көшбасшысы» кітап көрмесін және сурет галереясын тамашалады.

Айгүл АСАДОВА.

Саран қаласы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button