Бас тақырып

Басқарма басшысы тағайындалды

Аймақ басшысының өкімімен Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы лауазымына Нұржан Жетпісбаев тағайындалды.

29 жастағы Нұржан Жетпісбаев ҚарМТУ және Қазақ инженерлік-техникалық академиясын

тәмамдаған. Құрылыс бакалавры, құрылыс мамандығы бойынша техникалық ғылымдар магистрі, менеджмент мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры дипломдары бар.
2013 жылдан бастап осы тағайындауға дейін «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарған.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Өз тілшімізден.

 

Басқа материалдар

Back to top button