Бас тақырып

Жастар – қоғамның қозғаушы күші

Қарағандыда облыстық жастар слеті өтуде. Жастарды слеттің ашылуымен құттықтаған аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қоғамда жастарды алаңдатқан басты мәселелерге тоқталды.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Аймақ басшысы өз сөзінде:

– «Еңбек – Болашақ – Даму» жастар слетінде сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгін өңіріміздегі ең жігерлі, бастамашыл және креативті өкілдері жиналып отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Қазақстан – талантты жастар елі. Сіздер ертең еліміздің даңқын асыратын боласыздар. Ал бүгін біз сіздердің дамуларыңыз үшін барлық жағдайды жасауымыз керек» деген болатын.  Бұл жай ғана сөз емес, бірге жүзеге асырып жатқан іс-шаралар жоспары. Құрметті Жастар, әлем жылдам қарқынмен өзгеруде. Ертеңгі күннің қалай болатыны сіздерге байланысты. Сіздердің идеяларыңыз, энергияларыңыз және өз күштеріңізге деген сенімдеріңіз – өз болашақтарыңыздың ғана емес, бүкіл елдің табысқа жетуінің кілті, – деді. 

Жиында сөз алған «AMANAT» партиясы Жастар Рухы жастар қанатының төрағасы Ақерке  Искандерова «жастардың уақыты – қазіргі уақыт» екенін атады.

– Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Жастар рухы белсенді жастарды қолдауға әрқашан дайын. Игі бастамалар біздің күшімізбен жүзеге асады. Мемлекет басшысы атап өткендей, қоғам жастарға ерекше көңіл бөледі. Идеяларды қолдайтын адамдар әрқашан табылады. Мен өз жолымда еріктілер қатарынан бастадым. Форум, сьездерге белсенді қатыстым, – деп атап өтті Ақерке Нұрғалиқызы.

Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button