АймақБалқаш

Жастар мәселесі басты назарда

Балқашта жастар жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында жастар саясатын іске асыру, жастарды жұмысқа орналастыру және мемлекеттік қолдау көрсету мен белсенді өмір салтына тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар сөз болды.

Кеңесте жастар саясатын жүзеге асыратын негізгі мекеме Жастар ресурстық орталығының директоры Ирина Федорованың баяндамасы тыңдалып, қала әкімдігі тарапынан бірнеше тапсырмалар берілді.

– Биылғы жылдың өзінде қаламызда «Жасыл ел» еңбек жасақтарының саны 50 сарбазға ұлғайтылып, жалпы саны 200 адамға жетті. Келесі жылы аталмыш көрсеткішті 250-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Ирина Федорова.

– Келесі жылы волонтерлар штабын қолдау мақсатында әлеуметтік маңызы бар жоба әзірленуде. Бюджеттен қаржы бөлу жоспарланып отыр. Сонымен қатар келесі жылы «Өркен» жастар премиясы екі есеге ұлғаяды. 2024 жылы қала әкімінің жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған гранты беріледі. Қазіргі таңда аталмыш гранттың құқықтық базасын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді қала әкімі Сапар Сатаев.

Жиында келесі жылы қаладағы ең үздік волонтерлерді ынталандыру жобасын әзірлеу, қаланы абаттандыру мен көгалдандыру акцияларына жастарды тарту сияқты мәселелер де талқыланып, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button