Жастар – ел тірегі
Қарағанды қаласының академиямыздың қылмыстық процесс кафедрасының доценті полиция подполковнигі Гүлнұр Садырбекова Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығы мен Жастар Рухы жастар қанаты «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының облыстық филиалы 2-ші рет ұйымдастырған 80 оқушыны Әлияшылар қатарына салтанатты қабылдау рәсіміне қатысты.

Әлия Молдағұлованың есімі тарих беттерінде өз Отаны мен халқына деген адалдығы мен батырлығының жарқын бейнесіне айналғаны сөзсіз. Қазіргі таңда Әлияшылар 5-сыныптан бастап қабылданып, оларға арнайы куәлік пен төсбелгі, естелік сыйлықтар табысталды. Бұл тек құрмет белгісі ғана емес, нағыз патриоттық рухтың, Отанға адалдықтың айқын үлгісі.
Гүлнұр Хасенқызы басқа құқық қорғау органдарының өкілдерімен қатар Әлияшы қыздарымызға өнегелі үлгі ретінде өз өмір жолын баяндап, кеңестерін айтып, куәлік табыстау рәсіміне қатысты.
Іс-шараға Нұркен Әбдіров атындағы №58 жалпы білім беретін мектебінің 7-11 сыныптарының оқушы қыздары қатысты.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.