Ресми

Жастар дауыс беруде – белсенді

Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі №66 мектеп-лицей ғимаратында орналасқан №80 учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаған сайлаушылардың қарасы қалың.

 

Аталмыш учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Бейбіт Нұрмұқанов «Күндізгі сағат 14.00-ге жетпей 1335 сайлаушы келіп, өз таңдауын жасады. Елдің болашаға үшін жасалып отырған сайлауға тек жасы ұлғайған азамматтар ғана емес, жастардың да көптеп келуі, белсенділігі қуантады. Сайлаушылардың дайындықпен келгені бірден көзге түсті. Өйткені, артық сұрақ қоймай-ақ, өз таңдауларын жасауға асығуда. Алғаш рет дауыс берген 18 жастағы сайлаушыларға, сондай-ақ, жастарға үлгі көрсеткен зейнеткер аға-апаларымызға да арнайы сыйлық берілді. Карантин талаптары сақталған» дейді.

Әдебиет ЖҰМАНОВ.

Басқа материалдар

Back to top button